KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 4 м/с, З
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да есірткі таратып жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

13.07.2022, 10:20 111

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ҚР ІІМ ЕҚҚКД үйлестіруімен аймаққа синтетикалық және психотроптық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді. 

Жедел тексеру нәтижесінде есірткіні өткізу процесіне жастарды іздеу және тарту үшін елдің шығысына келген 26 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. 
Тінту барысында одан салмағы 500 грамнан асатын "альфа-PVP" психотропты зат тәркіленді. 

- Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Қабылданған шаралармен 1 600-ден астам бір реттік доза синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, - дейді .ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.

Осы баптың санкциясымен 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив