KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Апта сайын тегін кино - Катонқарағай

12.07.2022, 17:02 150
Катонқарағай ауданындағы тұрғындар үшін әр ауылда ашық аспан астында тегін кино көрсетіліп отыратын болады. 
Кеше Абай саябағында аудан орталығы халқының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандық мәдениет үйі "ашық аспан астындағы кинотеатрын" ұйымдастырған. Қазақстандық режиссер Әнуар Матжановтың туындысы – комедия жанрындағы "Джохан" кинофильмі көрсетілді.
- Үлкеннарындықтар, тіпті, маңайдағы ауыл тұрғындары мұндай жаңалықты қуана қабылдады. Бұл шара Катонқарағай ауылында жалғасын таппақ, - деп мәлімдеді Катонқарағай аудандық әкімдігі. - Алдағы уақытта апта сайын Үлкен Нарындағы мәдениет үйінде халыққа тегін кино көрсетіледі деп жоспарлап отырмыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив