KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Мемлекеттік инспектор аудандардағы ауызсу сапасын тексерді - ШҚО

12.07.2022, 15:17 150

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына жұмыс сапарымен ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Т.Б. Айтқожин келіп кетті. 

Мемлекеттік инспектор бұл іссапарында халық тұтынатын ауызсу сапасы мәселелеріне баса назар аударған.  Осылайша Бородулиха, Ұлан, Катонқарағай, Алтай аудандары, Өскемен, Семей және Курчатов қалалары аумағында су құбыры желілері мен құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

- Осы мәселеге көмек көрсетуде аумақтық басқармалардың мамандары жұмыс сапары бағдарламасына енгізілген елді мекендерде: Ұлан ауданының Герасимовка ауылында, Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын және Солоновка ауылдарында, Алтай ауданының Феклистовка ауылында, Өскемен қаласының Октябрь су тоғанында және Семей қаласының Шығыс кентінің ауызсу сапасының микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштеріне сынамалар алынды. Су жинау ұңғымаларынан және тарату желісінен зерттелген 25 ауызсу сынамалары микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкес келді, - деп хабарлайды ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық департамент. 

Ағымдағы жылы облыс аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақты, ауызсуды пайдалануға байланысты топтық аурулар тіркелмегенін атап өту қажет. Соңғы жылдар ішінде су факторымен жұқпалы ауру халық арасында тіркелген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив