Өскемен
-24°
плотный туман ветер 2 м/с, С
468.9 485.64 7.7

ШҚО полицейлері өзен жағасында жасырынып жүрген қылмыскерді ұстады

11.07.2022, 15:03 1 0

25 мамырдан бастап Алтай ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінен жасырынып жүрген 18 жастағы қылмыскерге қатысты іздестіру жарияланды.

Алтай қаласының тұрғыны жылдың басында ШҚО № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған.

Дегенмен пробациялық бақылаудан қасақана жалтарып, сондай-ақ тұрғылықты жерінде үнемі болмауына байланысты мемлекетаралық іздеу жариялау туралы шешім қабылданды.

Қылмыскер іздеуде болған уақыт ішінде-ақ бірқатар қылмыстарды, соның ішінде ақша мен ұялы телефондарды, сондай-ақ көлік құралын ұрлап, заң бұзған.

- 7 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алтай ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция майоры Айбек Түсіпханов Алтай қаласында Хамир өзенінің жағасында жасырынып жүрген қылмыскерді ұстады. Қазіргі уақытта ол Алтай ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы - алаяқтық, ҚР ҚК 188-бабы – ұрлық және ҚР ҚК 200-бабы көлікті айдап кету бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив