KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Келер аптаға арналған жұлдызнама

10.07.2022, 14:28 159

Астролог Ирина Душкина 11-17 шілде аралығында жұлдыз белгілері үшін қандай тосынсыйлар дайын тұрғанын айтты. 

Тоқты

Жұлдыздар Тоқтыға өз-өзіне бекем болып, іштегі ашуын сыртқа шығармауға кеңес береді, - дейді сарапшы Marie Claire басылымына берген сұқбатында. Бос уақытты жақсы көретін адамыңмен өткізу ұсынылады. Романтикалық кеш ұйымдастырып, гүл сатып алуды ұмытпаңыз.

Торпақ

Отбасыңызға және сүйікті адамыңызға уақыт бөліңіз. Өйткені олар сіздің назарыңызға өте мұқтаж. Сүйіктіңізге сыйлық жасаңыз немесе киноға апарыңыз. Демалыс күндері демалыс орнына бара аласыз, ауа райы ашық болады немесе аулада барбекю ұйымдастырып, туыстарыңызды шақыра аласыз. Отбасылық жиын жағымды эмоциялар сыйлай алады.

Егіздер

Сіздің өміріңізде сәттілік басталады. Бұл жұмысты ауыстырып, ең құрымағанда лотерея билетін сатып алу үшін ең қолайлы сәт. Жұлдыздар миллиоға уәде бермейді, бірақ жеңіске жету мүмкіндігі күрт артады. Бай болу арманы өзіңіз ойлағаннан тезірек орындалуы мүмкін.

Шаян

Шаяндарға өз іс-әрекеттерінде батыл болу ұсынылады. Егер достарыңыз өзіңізге бірдеңе ұсынып жатса, оған құлақ салыңыз. Әрқашан өз-өзіңізбен қалып, проблемаларды елемеу стратегиясы ең ұтымдыға жатпайды. Өз-өзіне сенімді адамдар үнемі жақсы көрінеді, ал шағымданып, әр нәрседен күдіктенетін керісінше, бейшара болып көрінеді.

Арыстан

Тағы да қып-қызыл дааудың ортасында қалу қаупі бар. Көтере алмайтын балтаны беліңізге байламаңыз, бірақ Арыстанның табиғаты осындайды қатты қалап тұрады. Туыстармен, әріптестермен қарым-қатынаста шыдамдылық танытыңыз. Олар сізді әдейі ашуландырады деп ойлап, қатты қателесесіз.

Бикеш

Жүйкеңіз шаршаған. Осы аптада өзіңізге қарап, қалағаныңызды алуға уақыт бөлуіңіз керек: табиғат аясында серуендеп, дүкенге барыңыз, жаңа киім-кешек сатып алыңыз. Бұлар бір сергіп, жан тыныштандыратын дүниелер.

Таразы

Егер жоспарыңыз сәтсіз болса, үміттен қол үзбеңіз. Бәрі жақсы болады. Сабырға жол беріп, айналаңыздағылардың ақылына құлақ түріңіз. Өзіңіз сыйлайтын адамға арқа сүйеп, сенім артыңыз.

Сарышаян

Ұзақ мерзімді жоспарлар құрудың қажеті жоқ, қазіргі уақытпен өмір сүру керек. Жұмыс мәселесін шешуде тапқырлық таныту керек. Басшылармен сөзге келудің қажеті жоқ, тәжірибелі әріптестеріңізді тыңдаңыз.

Мерген

Өміріңізде жағымды өзгеріс орын алады. Өміріңізде маңызды рөл атқаратын адамды кездестіретін боласыз. Жаңа таныстық кезінде өзіңізді емін-жарқын ұстаңыз. Киноға барып, достарыңызбен кафеде демалуға болады. Өтірік мүләйімсуге вето қойыңыз. Интуицияға көбірек арқа сүйеңіз.

Тау ешкі

Жақын адамдарыңызбен сөйлесуге көбірек уақыт таба аласыз. Мүмкін, демалысқа шығасыз немесе қосымша демалыс береді. Бірақ осы кезде есек құсап барлық жүкті артқаннан шаршағаныңызды ұғынып, жақсылап демалу керектігіңізді жадыңыздан шығармаңыз. Егер балаларыңыз болса, оларға да көбірек уақыт бөліңіз, бос уақытты қызықты етіп ұйымдастырыңыз. Қажет болса, достарыңызға көмек қолын созыңыз.

Суқұйғыш

Апта күнделікті тұрмыстық әуре-сарсаңмен өтеді, мансабыңыз көтерілуі мүмкін. Жұлдыздардың айтқанына сенім артып, байланыс аясын кеңейтіңіз, бұл оң өзгерістер әкеледі. Ашық әрі өз-өзіңізге сенімді боласыз.

Балықтар

Балықтар үшін жұлдыздар ұзақ жолды болжайды, мүмкін бұл көптен күткен демалыс болар. Жүрегіңіз қалаған жерді таңдап, билетті алдын ала брондап қойыңыз. Мүмкіндік болса, көлікпен де қыдыруға болады. Жиын-тойға жиналған, әрине жақсы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив