KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

480 млрд теңге БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы шотына қайтарылды

10.07.2022, 00:56 200

480 млрд теңге БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына қайтарылды.

2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 325 680 өтінішін орындады

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,63%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,98%), Маңғыстау облысының (10,36%) тұрғындарынан түскен.  

«Уәкілетті операторлардан салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына шамамен 449,0 млрд теңге қаражат қайтарылды, себебі, сұраным иесінің өтініші және өзге де себептермен қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланбаған», - деп көрсетті БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, БЖЗҚ емделуге берілген 300,2 млрд теңгеге 386 884 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,8 млн теңге. Сонымен қатар, салымшылардың БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан 31,2 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің қалауы немесе өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) шамамен 8,7 млрд теңге аударылып, БЖЗҚ 5 876 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 1,5 млн теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив