KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
444.32 473.33 4.76

ШҚО-да "Абай жолы" велотурнирі өтуде

8.07.2022, 16:40 31

Шығыс Қазақстан облысында велоспорттан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде 
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында А. Құнанбаевты еске алуға арналған "Абай жолы" атты көпкүндік жарысы 1 шілде күні басталды. 

Жарыс Өскемен қаласының көшелерінде және Шығыс Қазақстан облысының автожолдарында өтеді.

 Өскемен қаласының қонақтары мен тұрғындарын түсіністікпен қарап, автожолдардың жабылатын орындарымен және уақыттарымен алдын ала танысып, автомобильдермен сапар жоспарлауды сұраймыз, - деп атап өтті ШҚО велоспорт федерациясындағылар.

Республрикалық чемпионат 9 шілде күні өз мәресіне жетеді. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкірінен 50 спортшы және қазылар қатысуда. 

Айта кету керек, ертең, 9 шілде күні сағат 10.00-ден бастап велоспортшылар ЖМК ауданындағы әл-Фараби, Есенберлин, Қазыбек би, Сатпаев көшелерін 5 мәрте айналатын болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив