KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Бүгін облыстық мешітте донорлық акция өтеді

8.07.2022, 15:33 334
Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Өскеменде "Көмек қолын созайық!" донорлық акциясы ұйымдастырылмақ.
ШҚО "Халифа Алтай" мешіті ертең, яғни, 8 шілде – жұма күні ШҚО Қан орталығымен бірлесіп ұйымдастыратын қайырымдылық шарасына қатысуға шақырады.

Акцияның мақсаты - Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарында емделіп жатқан, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға қан тапсыру, - деп мәлімдеді ШҚО "Халифа Алтай" мешітінің баспасөз қызметі. - Акцияға біздің қаламыздың және ШҚО-ның барлық тұрғындары қатыса алады. Өйткені донор болу - бұл мейірімділік пен адамгершіліктің актісі.

Донорларды қабылдау сағат 9.00-ден 13.30-ға дейін жүреді. Қан тапсырғаннан кейін донорларға 2 демалыс күніне анықтама, 1000 тг және мешіт демеушілерінен сыйлықтар беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив