Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Бас имам шығысқазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

7.07.2022, 17:59 3 0

Барша мұсылман қауымының мерекесі Құрбан айт шығыс қазақстандықтар үшін берекелі бірлікте зор ықыласпен басталды. Таңертеңгісін Өскемен қаласының орталығындағы облыстық «Халифа Алтай» зәулім мешітіне халық Айт намазына ағылды. Мұсылмандар Айт мейрамын уағыз бен насихаттан бұрын құран тыңдаудан бастады.

- Ардақты ағайын! Құрметті шығысқазақстандықтар! Дәстүрлі діни мерекеміз қасиетті Құрбан айт құтты болсын! Алла жолына құрбандық шалынып, садақалар берілетін, бауырмалдықты арттыратын күллі мұсылманның ең ұлық мейрамы-Құрбан айт мерекесі де келіп жетті, - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша бас имамы Ермек қажы Қасболатұлы. 

Бас имам қазіргі уақыттағы әлемде қалыптасқан індет жағдайында ең бастысы халқымыздың амандығы басты орында тұруы тиіс екендігін атап өтті. Сондықтан құрбан айтты санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізгелі отырғанын да тілге тиек етті.

- Ұлы Жаратушы Алла құрбан шалуға деген мұсылманның ықыласын қабыл етеді. Алла баршамызға зұлхижжа айын мәніжатпен, сауапты игі істермен өткізуді бұйыртсын. Құрбан айт мерекесін берекелі еткей, жер бетінде тараған індеттен аман сақтап, халқымыздың денсаулығын мығым еткей! Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла разылығына жақындау ниетімен шалынған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Ел аман болсын! - деп барша шығысқазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив