KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
447.4 477.55 4.76

Жүлде қоры 3 миллион: Қазақстанда турникке тартылудан фестиваль өтеді

6.07.2022, 10:45 223

Шара ұйымдастырушысы - Президент жанындағы "Дара" таланттарды қолдау қорының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жоба амбассадоры қоғам қайраткері, бапкер әрі актер Айтым Жакупов болады. Айтым Street Workout бойынша Қазақстан мен әлемде біренеше рекорд орнатқан, Street Lifting бойынша Еуропа рекордсмені және Street Workout қозғалысының Қазақстанда негізін салушылардың бірі.

Жарысқа қатысушылар жасы мен салмағына қарай тоғыз категорияда күш сынасады. Шарада ресми қазылар алқасы төрелік етеді. Жарыс өтетін Қазақстанның жиырма қаласынан жеңімпаздар (тоғыз категорияда) ел астанасында өтетін Гранд-финалда бақ сынайды. Ал чемпиондар Street Workout бойынша әлем біріншілігіне жолдама алады. 

Street Workout - әуесқой спорт түрі, мұнда көшедегі спорт алаңдарында түрлі жаттығулар орындалады. Қатысушы неғұрлым көп тартылса, қаржылай сыйлық алуға мүмкіндігі соғұрлым көп. 

Қатысушылар категориясы:

18 жасқа дейін (юниорлар):
1) салмақ – 55 келіге дейін;
2) салмақ – 55-тен 70 келіге дейін;
3) салмақ – 70-тен бастап, одан жоғары.

18 бен 30 жас аралығы (жастар):
4) салмақ – 65 келіге дейін;
5) салмақ – 65-тен 80 келіге дейін;
6) салмақ – 80-нен бастап, одан жоғары.

30 жас және жоғары (ересектер):
7) салмақ – 80 келіге дейін;
8) салмақ – 80-нен 90 келіге дейін;
9) салмақ – 90-нан бастап, одан жоғары.

Әр қаладағы жүлде қоры:
1-орын: 200 000 теңге;
2-орын: 100 000 теңге;
3-орын: 50 000 теңге.

Гранд-финал жүлдесі:
1-орын: 3 000 000 теңге;
2-орын: 2 000 000 теңге;
3-орын: 1 000 000 теңге.

Гранд-финал 8 қыркүйек Нұр-Сұлтанда өтеді. Әр қаладағы жарыс өткізу тәртібі:

9:00-11:00 - тіркелу, салмақ өлшеу және қатысушыға нөмір беру.
11:00-11:30 - Ашық іс-шара.
11:30-13:30 - Жарыс.
14:00-15:00 - Жеңімпаздарды құттықтау.

TARTYL FEST 2022 жылдың 10 шілдесінен Қонаев қаласындағы (Алматы облысы) "Жағажай" спорт алаңынан бастау алады.

Фестиваль еліміздің 20 қаласында өтеді, атап айтқанда:

Қонаев - 10 шілде;
Талдықорған - 14 шілде;
Алматы - 17 шілде;
Тараз - 20 шілде;
Шымкент - 23 шілде;
Түркістан - 25 шілде;
Кызылорда - 27 шілде;
Ақтау - 31 шілде;
Атырау - 3 тамыз;
Орал - 6 тамыз;
Ақтөбе - 9 тамыз;
Қостанай - 12 тамыз;
Петропавл - 15 тамыз;
Көкшетау - 18 тамыз;
Жезқазған - 21 тамыз;
Карағанды - 24 тамыз;
Павлодар - 27 тамыз;
Семей - 30 тамыз;
Өскемен - 2 қыркүйек;
Нұр-Сұлтан - 6 қыркүйек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив