9 шілде күні Өскеменде спорттық Ореп air өтеді

Белсенді демалысты сүйетін Өскемен тұрғындар мен қонақтарын 9 шілде күні сағат 17.00-де Комсомол аралында спорттық Ореп air-ге шақырады.
Ол жерде командалық ойындар, жарыстар, футбол, волейбол, баскетбол (командалар сол жерде құрылады) ойындары болады. Жас санаты 15 жастан басталады.
Сондай-ақ "Көңілді старт» көңілді эстафета, спорттық жарыстар, ойындар да өтеді.
Балалардың жас санаты - 7 жастан 15 жасқа дейін (командалар сол жерде құрылады).
Қатысушыларды тіркеу сағат 16.45-те басталады. Өтетін орны: Комсомол аралы.
Сонымен қатар оқыңыз