KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
449.58 486.94 4.86

Алакөлде төрт демалыс базасы өртеніп кетті

5.07.2022, 09:40 116
Абай облысындағы Алакөл көлінің жағасында ірі өрт шықты.
Өрт салдарынан 4 демалыс орны зиян шекті, 7 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндірушілердің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлері мен тұрғындардың бірлескен жұмысының арқасында өрт 5 шілде күні таңға қарай сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша жалын 3000 шаршы метр аумақты шарпыған.
Тілсіз жаумен күресуге жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті, Тарбағатай ұлттық паркі және Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінен 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды.
Өрт сөндіру жұмыстарын жылдамдығы 10 м/с-қа дейін жеткен жел қиындатты. Өрт бір ағаш үйден екіншісіне жылдап өтіп отырған.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылып, жұмыс істеп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив