KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 10 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

4.07.2022, 14:48 187

Синоптиктер 5,6 және 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Болжам бойынша, Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райына Оңтүстік циклон әсер етеді. Жел соғып, жаңбыр жауады. 5 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, 6 шілдеде солтүстік-батыста, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

"7 шілдеде еліміздің батыс өңірлерінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашын тоқтайды деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз батыста +18+26 градустан +23+31 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23 градустан +20+28 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін. Маңғыстау облысында +23+28 градус, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +31 градус, елдің орталығында +20+28 градус, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде +33 градус республиканың шығысында ауа температурасы +22+29 градус, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +33 градус, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37 градустан +25+33 градусқа дейін, елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28+33 градус, таулы аудандарда +23 градус болады деп күтіледі", - делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив