KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Мәдениет министрлігі Тұңғыш Президент стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды

4.07.2022, 11:28 171

Мәдениет министрлігі Тұңғыш Президент - Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды.

Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы" Жарлықты "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы" деп өзгерту ұсынылды.

Қаулы тармақтары да редакцияланады деп жоспарланып отыр.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив