Өскемен
-14°
переменная облачность ветер 1 м/с, С
462.36 493.48 5.99

Өскеменде саунаның әкімшісі жеңгетайлық жасағаны үшін ұсталды

4.07.2022, 09:34 26 0

Маусым айының ортасында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемендегі сауналардың бірінде жеңгетайлық фактісін анықтады.

Осылайша, 23 жастағы сауна әкімшісі күдікпен ұсталды. Ол қосымша табыс табу үшін саунаға келушілерге жеңіл жүрісті қыздарды шақырып отырған. Оқиға орнынан 26 000 теңге көлемінде ақша тәркіленді.

-  Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

 

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив