Өскемен
-14°
переменная облачность Штиль
462.36 493.48 5.99

Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін – 1 шілдеге арналған ауа райы болжамы

30.06.2022, 16:52 69 0

Синоптиктер Қазақстанда 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды: республикада найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді, тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды учаскелер әсерін сақтайды, соған байланысты ауа райы құбылмалы болады: батыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің күшейіп, түнде және таңертең Қазақстанның солтүстігінде тұман күтіледі, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Болжам бойынша, күндіз Алматының солтүстігінде, Жетісу, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Қызылорданың басым бөлігінде, Алматы, Абай облыстарында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Атыраудың батысында, Ұлытаудың оңтүстік-батысында, Қарағандының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады,  – деді синоптиктер.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив