KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Кәмелетке толмағандарға алкоголь, темекі сатқан 6 дүкеннің иесі айыппұл арқалады

29.06.2022, 18:22 231

«Түнгі қаладағы балалар» рейдін полицейлер мен жұртшылық өкілдері 27 маусымнан бастап өткізіп жүр. Осылайша екі күн бойы арнайы жасақ кешкі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда болу жағдайларын анықтап, облыс бойынша көшелер мен ойын-сауық орындарын патрульдеді.

Сондай-ақ, компьютерлік клубтар, саяжайлар мен саяжай алқаптары, егістіктер, үйлердің жертөлелері, ойын-сауық орындары мен алкоголь және темекі өнімдерін сата алатын азық-түлік дүкендері құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында. Мәселен, қызметкерлері кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатқан алты азық-түлік дүкенінің иелеріне әкімшілік айыппұл салынған жағдайлар да бар.

«Екі күн ішінде 286 әкімшілік бұзушылық анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 266 заңды өкіл тартылды, оның ішінде 24-і ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін және 242 заңды өкілі кәмелетке толмаған балаларының заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін. Сонымен қатар, қызметкерлері кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатқан алты азық-түлік дүкенінің иелеріне әкімшілік айыппұл салынады», - деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив