KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
448.89 477.93 4.76

"KOREAN STREET FOOD" және тағы басқалар. Өскемендіктерді корей қауымдастығының 30 жылдығын атап өтуге шақырады

29.06.2022, 17:01 168

2 шілде күні облыс орталығындағы Этоноауылда сағат 12.00-де Шығыс Қазақстандағы корейлер қауымдастығы өзінің 30 жылдығын атап өтеді.

Әр жыл сайын жаз мезгілінде этнос күнін атап өтетін корей халқы осы жылы өздерінің 30 жылдықтарын тойлады.

Шараға Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі және Қазақстан корейлер қауымдастығының президенті Огай, сондай-ақ, Қазақстан корейлері қауымдастығы президиумының мүшелері қатысады.

Келген қонақтарға ерекше көрме ұйымдастырылады. Онда корейлердің қазақ еліне келу тарихынан сыр шертетін көне бұйымдары, ұлттық тағамдары, салт-дәстүрі мен мәдениеті таныстырылады.

Шараның бағдарламасы бойынша:

-         «KOREAN STREET FOOD» - корей тағамдарынан дәм тату;

-         «HANBOK FASHION SHOW» - корей ұлттық киімдерінің шеруі

-         Нұр-сұлтан қаласынан келген «Мисон» ансамблінің және Достық үйінің мерекелік концерті өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив