Ресейлік компаниялар Қазақстанға көшіп жатыр - статистика

Санкциядан қашқан компаниялар Қазақстанға келіп жатыр, - деп хабарлайды Finprom.kz.
"Биыл мамырдың аяғына қарай Қазақстанда жұмыс істеп тұрған шетелдік кәсіпорындар саны жыл басынан бері 12,7 пайызға артып, 25 мыңға жетті. Сонымен қатар, ай сайынғы өсімді қарастыратын болсақ, Қазақстанға шетелдік компаниялар ағыны 2022 жылдың наурызында басталғанын көруге болады", - делінген хабарламада.
Сарапшылар наурызда сектордағы өсім 3,3 пайыз, сәуірде 4 пайыз, мамырда 4 пайыз болғынын айтты.
"Бұл кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіштер. Салыстыру үшін: жалпы 2021 жылы шетелдік компаниялар санының орташа айлық өсу қарқыны небәрі 1,1 пайыз болған", - деп толықтырды басылым.
Сонымен қатар оқыңыз