KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Ипотекасы бар адамдар үшін пайдалы жоба іске қосылды

28.06.2022, 10:40 171

Енді сіз бірнеше минуттың ішінде мүлкіңізді кепілден шығара аласыз.

Әзірге, бұл қызмет Отбасы банкте қарызын мерзімінен бұрын жапқан адамдар үшін ғана қолжетімді, деп хабарлайды Экспресс К.

Мүлікті кепілден шешу үшін Otbasy bank мобильді қосымшасындағы жеке бөлімде мекен-жайдың тіркеу кодын (РКА) жазу керек. Ол мүлікке тіркелген құқық туралы анықтамада жазылған, ол қолыңызда болмаса, egov.kz порталынан анықтаманы онлайн ала аласыз.

Содан кейін мүлікті кепілден шешуді тіркеу үшін салық төлейсіз, кейін сізге SMS-хабарлама түрінде бір реттік код келеді, сол кодты енгізе отырып, сіз мүліктен шығару туралы өтінішке қол қоясыз. Осымен мүлкіңіз банктің кепілдігінен шығады, ал бұрын бұл процедураға үш жұмыс күні кететін еді.

Егер үйіңіздің құжаты банк бөлімшесінде болса, онда сізге банк қызметкерлері хабарласып, ыңғайлы уақыт тауып, бөлімшеге шақырады.

Қазір бұл қызмет түрін қарызыңызды мерзімінен бұрын жапқан күні пайдалану керек. Ал, жақын күндері қызметті кез келген ыңғайлы уақытта пайдалана аласыз. Сонымен қатар, болашақта бұл қызмет қарызын кестеге сай уақытында төлеп біткен азаматтар үшін де қолжетімді болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив