Өскемен
-14°
переменная облачность Штиль
462.36 493.48 5.99

«Нелегал 2022»: Полицейлер базар, құрылыс және тамақтану орындарын тексереді

27.06.2022, 17:52 21 0

Тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасына заңсыз келген адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында, сондай-ақ өзара іс-қимылды жандандыру, заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту фактілерін анықтау бойынша жұмыста ақпарат алмасу мақсатында ағымдағы жылдың 27 маусымы мен 4 шілдесі аралығында жалпы республикалық «Нелегал 2022» жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.

- ШҚО-да заңсыз еңбек көші-қонының жолын кесу үшін базарларда рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, көші-қон полициясының қызметкерлері барлық құрылыс нысандарын, асханалар мен дәмханаларды міндетті түрде тексереді. Заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда, - деп атап өтті ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив