KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
446.49 475.38 4.79

«Кальмар ойыны» сериалындағы маскамен жанар жағармай құю стансасына шабуыл жасады – Өскемен

27.06.2022, 11:40 125

Кассирді қорқытқан тапанша ойыншық болып шықты.

Ағымдағы жылдың 30 мамырында Өскемен қаласы полиция бөлімінің «102» жедел каналына қоңырау келіп түскен. Арызданушы түнде белгісіз ер адам танымал «Кальмар ойыны» сериалының маскасын киіп, Грейдерная көшесіндегі жанар жағармай құю стансасына кіріп, кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, инкассаторлық сөмкелерде болған 2 000 000 теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткенін хабарлады.

Сигналды қабылдаған тәртіп сақшылары қылмысты ашуға дереу кірісті. Тергеу іс-шараларының барлық кешенін жүргізген криминалдық полицияның жедел қызметкерлері ізін суытпай 2 сағат ішінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

-  Ұрланған ақша ұсталған адамның көлігінен табылды, ал тапаншаның өзі үйде тәркіленді, ол ойыншық болып шықты. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, оның әрекеттері ҚР ҚК 192 – бабы 3-бөлігі - қарақшылық бойынша сараланады, санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, деп хабарлайды ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив