Өскемен
-12°
переменная облачность ветер 2 м/с, С
462.36 493.48 5.99

ШҚО-да «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы басталды

27.06.2022, 11:12 84 0

27 маусымда облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Іс-шара барысында полицейлер үнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген, алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау бойынша рейдтер жүргізеді.

- Іс-шара барысында полицейлер заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау бойынша рейдтер жүргізеді.

Құрметті ата-аналар, ШҚО Полиция департаменті өз балаларының тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды табанды түрде ұсынады. Ата-ана міндеттерін тиісінше орындамау жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы 29 маусымға дейін жалғасады.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив