KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
448.15 483.46 4.86

Оқушылар Ертіс өзенінің қазіргі хал-ахуалы жайлы зерттеу жүргізбек

23.06.2022, 11:07 117

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы дәстүрлі желілік "Туған елге тағзым" танымдық-өлкетану экспедициясына қатысу үшін бас қосты.

Апта бойы аймақтағы түрлі тарихи-мәдени орындарды аралап, оның тарихын, географиялық, биологиялық ерекшеліктерін зерттейтін шәкірттер ғылымға тың жаңалықтар енгізуді көздейді.

- Бұл жоба көпшілікке жақсы таныс. Оқушыларымыз да экспедицияның басталуын асыға күтеді. Жоба жас зерттеушілердің дүниетанымын кеңейтіп, зерттеушілік дағдысын дамытады. Жыл бойы білім, тәрбие, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін биылғы жобаға «Ертіс» шаңырағының шәкірттері қатысуда. Жас зерттеушілер бір апта ішінде қаламыздағы мұражайларды, тарихи ескерткіштерді аралап, дана Абай атамыздың туған жеріне сапар шегеді. Бұдан өзге де танымдық түрлі шаралар жоспарланып отыр, -дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Абылқасымова.

Семейдің экологиялық –санитарлық жағдайы да назардан тыс қалмайды. Өйткені, оқушылар жоба аясында қаланың ауасы, қоқыс мәселелеріне ерекше ден қойып, Ертіс өзенінің қазіргі хал-ахуалы жайлы зерттеу жүргізбек.

- Экспедиция мүшесі болғаныма қуаныштымын. Бұл мен үшін қала, өңір жайлы тың деректермен танысуыма үлкен мүмкіндік береді. Біз жоба аясында зерттеу жүргізіп қана қоймаймыз, әр зерттеу бағыты бойынша тиісті мамандар, ғалымдармен жүздесіп пікір алмасамыз. Осының өзі біздің ізденіс жұмысымызға жаңа серпін береді, -дейді 7 сынып оқушысы Бақтияр Қадышев. 

Апта соңына қарай экспедиция нәтижесін оқушылар TEDx форматындағы конференцияда талқылайтын болады.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив