KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
445.66 474.58 4.78

2 жылдан аса уақыт ақша бопсалаған Өскемен тұрғыны ұсталды

22.06.2022, 12:37 231

Облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны бопсалаушылық бойынша күдікті ретінде ұсталды.

Белгілі болғандай, күдікті өзінің физикалық мүмкіндігін пайдаланып, жәбірленуші 54 жастағы тұрғыннан әр түрлі ақшаны жүйелі түрде талап еткен. Алғаш рет ол одан 150 000 теңге алып, содан кейін дәмін сезіп, соманы көбейте бастайды, бас тартқан жағдайда дене жарақатын саламын деп қорқытқан.

Жәбірленуші бастапқыда бас тартуға тырысқан, бірақ қорқып, талап етілген соманы беріп, бірнеше рет құтылған.

Сонымен қатар, ол өз атына несие алуға, тіпті анасының пәтерін сатудан түскен қаражаттың бір бөлігін беруге мәжбүр болды. Дегенмен бопсалауын одан ары жалғастыра берген. Тіпті бопсалаушы жәбірленушіні өзен жағасына алып келіп, өзіне ғана емес, сонымен бірге оның отбасы мүшелеріне де зорлық-зомбылық жасаймын деп қорқытқан.

Одан кейін қылмыскер өзінің құрбанынан тағы да 2 000 000 теңге алуды шешкенде, полиция ұсталды.

Жалпы алғанда, 2 жыл ішінде оның қылмыстық әрекеттерінен келтірілген залал 50 000 000 теңгені құрады.

- Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 194-бабы 4-бөлігі аса ірі мөлшерде жасалған қорқытып алушылық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - дейді Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.

Осы баптың санкциясымен жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив