KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, С
448.56 478.03 4.79

"Семей орманы" резерватында ірі табиғи өрт сөндіріліп жатыр

22.06.2022, 10:27 404

"Семей орманы" резерватында ірі табиғи өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Кеше сағат 18.45-те Жетіжар ауылынан 30 шақырым жердегі Грачев орман шаруашылығы Долон филиалының аумағында құрғақ шөп пен ағаш өртенген. Өрт аумағы шамамен 20 гектарды құрады.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт елді мекендерге қауіп төндірмеген.
Жалынды сөндіруге 11 өрт сөндіруші мен орман шаруашылығының 30 қызметкері жұмылдырылды. Оларға көмекке Семейден 18 адам мен төрт өрт сөндіру көлігі, сондай-ақ жылжымалы байланыс торабы аттанды.
Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында отбасылық демалыс кезінде ірі өрт шыққан болатын. Салдарынан 300 гектар орман, бірнеше тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты. Оқиғаға кінәлі деп танылған жергілікті тұрғын екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ оған ірі көлемде – 125 миллион теңге айыппұл салынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив