KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО әкімі медицина қызметкерлерін құттықтады

19.06.2022, 11:40 206

ШҚО әкімі Даниал Ахметов денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. 
Облыс әкімі бұл мерекенің ең қастерлі мамандық иелері ақ халатты жандардың ерен еңбегі бағаланатын күні деп атап өтті.

- Олар күн сайын мыңдаған адам өмірін құтқарып, тұтас ұлт салауатының кепілі болып отыр. Біздің өңірде де кәсіби медицина саласының білікті мамандары табандылықпен еңбек етуде. Өз тарапымыздан облыстық денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында бірқатар игі шараларды жүзеге асырудамыз - бірегей медициналық орталықтар мен бөлімшелер ашылып, заманауи жабдықтар мен қондырғылар орнатылып, жыл сайын дәрігерлер мен медбикелердің біліктілігін арттыруда жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мұның барлығы пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді, - деп жазды аймақ басшысы өз құттықтауында.

Айта кетейік, 2020-2021 жылдары медицина қызметкерлері коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте болып, өмірлерін қауіпке тігіп, адамдарға медициналық ғана емес, психологиялық көмек пен қолдау көрсете отырып, өздерінің жоғары кәсібилігін көрсетті.

- Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып жүре беріңіздер. Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен саулық тілеймін! Батылдық пен мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіремін! - деді ШҚО әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив