KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да АӨК инвестиция көлемі 2 есеге жуық өсті

6.05.2022, 17:23 236

Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XV сессиясы өтті, оның барысында өңір басшысы Даниал Ахметов 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы хабардар етті.
Оның айтуынша, өңір экономикасына инвестиция ағынын ынталандыру бойынша қойылған мақсатқа қол жеткізілді. 

- Негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 107,3% өсіммен 817,5 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде қаражаттың 13% - ы өңдеу өнеркәсібіне немесе 107,8 млрд.теңгеге салынды. Ауыл шаруашылығына 1,8 есе өсіммен 71 млрд. теңге инвестицияланды, - деп хабарлады облыс әкімі.

WhatsApp Image 2022-05-06 at 09.43.37.jpeg


Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша 2021 жылы тұрақты экономикалық өсудің оң қарқыны сақталды. 

Өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Облыстың агроөнеркәсіптік кешені айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Өндіріс ба қуаты артып, мал басының саны өсіп, қосымша жұмыс орындары пайда болды. Негізгі қорлар жаңартылып, саланың инфрақұрылымы дамуда. 

Осылайша, АӨК-де 2,8 мың га алаңда суару жүйелерін салу бойынша 2,8 млрд.теңгеге 5 ірі жоба іске асырылды. 7 мың ірі қара мал басына 3 бордақылау алаңы салынды. Сонымен қатар, қуаты 300 мың тонна "QazaqAstyqGroup"май экстракциялық зауыты іске қосылды. 

- Мультикультураларды қайта өңдеу бойынша екінші ұқсас комбинат ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында аяқталды. Нәтижесінде жобаларды іске қосу қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 4 есеге (64,2 млн.АҚШ долларынан 257 млн. долларға дейін) және май-тұқымды қайта өңдеу көлемін 1 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп атап өтті облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив