KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

10 жылда Зайсан газбен қамтылмаса, Қытайға экспорт тоқтатылады

6.05.2022, 17:15 131

Егер" Тарбағатай Мұнай "компаниясы алдағы 10 жылға Зайсан ауданын газбен қамтамасыз етуге кепілдік бермесе, ҚХР-ға" көгілдір отын " экспортына тыйым салады.
Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңес барысында белгілі болды. Өңір басшысы атап өткендей, бүгінгі таңда "Тарбағатай мұнай" кәсіпорны Зайсан қаласы мен ауданның елді мекендерін газбен қамтамасыз етіп отыр. 2024 жылға дейін тағы сегіз ауылды газдандыру жоспарланып отыр. 

Алайда, компания үлкен шығындарға  ұшырап жатқанын мәлімдеп,  ҚХР-на75 миллион текше метр газ экспорты ғана экономикалық қиыншылақтан алып шығады деп отыр. Бұл ретте, сарапшылардың бағалауы бойынша, қазіргі барланған кен орындарының қоры таяудағы 12-13 жылға ғана жетеді. Әрине, Зайсан ауданының тұрғындары экспорт басталғаннан кейін қайтадан көмірге көшуге мәжбүр болады деп алаңдайды. Шын мәнінде, тұрғындар тарапынан туындаға бұл сұрақ осы  шұғыл кездесудің басты себебі. Сонымен қатар, "Тарбағатай Мұнай" тек өз негіздерін басшылыққа ала отырып, 2015 жылдан бастап көгілдір отын 6-есе өсірген.  Мұндай бассыздыққа  әлемдегі бірде-бір энергия беруші компания бармас еді. 

«Қазір біз тек "Тарбағатай Мұнай" компаниясының эмоцияға берілгенін көріп отырмыз. Бірақ іс жүзінде кәсіпорын даму жоспарын да, Зайсан ауданының тұрғындарын алдағы жылдар ішінде үздіксіз газбен қамтамасыз етілетініне кепілдік те берген жоқ»  деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

DSC03079.jpg

Кәсіпорын менеджменті мен тиісті  министрліктің келісімдері көптеген сұрақтар мен шағымдарды тудырып отыр. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Энергетика министрлігіне газ өндіруші компанияның барлық шарттары мен міндеттемелерін қайта қарауды тапсырды. Роман Скляр кәсіпорын басшылығы мен салалық министрліктер өкілдері 11 мамырда Зайсан ауданының тұрғындарымен кездесіп, тұрғындарды толғандыратын барлық сұрақтарға нақты жауап беруі тиіс екенін атап өтті. Және міндетті түрде Зайсанды газбен үздіксіз қамтамасыз ету туралы Меморандумға қол қоюға міндетті. Егер бұл орындалмаса, "Тарбағатай Мұнай" үшін ҚХР-ға газ экспорттау мүмкіндігі жабылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив