KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды құттықтады

1.05.2022, 12:52 162
ШҚО әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады. 
- Бұл мереке басты құндылықтарымыз - бейбітшілік пен келісімнің, халық достығы мен елімізде тұратын әрбір ұлттың дәстүрін, мәдениетін сақтау мен жаңғыртудың символына айналды.
Шығыс Қазақстан - еліміздегі ең көп ұлтты өңір. Сондықтан ұлтаралық татулықты сақтап, этносаралық келісімді одан әрі нығайтуды басты мақсат етуіміз шарт. Бұл тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуының, рухани кемелденуінің кепілі болмақ.  Айтулы мереке қарсаңында отбасыларыңызға амандық, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін! Ұлттық құндылығымызды дәріптеп, келісім мен татулық әрдайым салтанат құрсын! Мереке құтты болсын! - деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив