KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
448.89 477.93 4.76

«Борышкер»: ШҚО-да 17 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді

11.04.2022, 17:06 139

Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды.

6-8 сәуір аралығында өңірлік тәртіп сақшылары прокуратура өкілдерін, жеке сот орындаушыларын тарта отырып, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлерді анықтады.

- Іс-шараны өткізудің үш күні ішінде мемлекет бюджетіне 17 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін мамандандырылған тұраққа 199 автокөлік орналастырылды, - деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимов.

Мәселен, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған адамды өткен аптаның соңында анықтады. ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимовтың айтуынша, полицейлер жалпы сомасы 200 мың теңгеден асатын 11 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген жүргізушінің басқаруындағы көлікті тоқтатты. Оның көлігі қарызды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қойылды.

Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 1000-нан астам азаматқа әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабарланды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды әкімшілік айыппұлдарды мерзімінде төлеуге шақырады. Жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50% - ын төлеуге болады. Осы мерзім өткеннен кейін әкімшілік айыппұл толық сомаға салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив