Өскемен
+8°
переменная облачность ветер 3 м/с, С
458.87 493.84 6

Бесқарағай тұрғынының қалтасынан есірткі табылды

6.04.2022, 10:05 84 0

Ағымдағы жылдың ақпан айының соңында «Дармек» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Бесқарағай ауданы ПБ-нің қызметкерлерімен есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұсталды. Ұсталған адамды тінту барысында оның күртешесінің қалтасынан өсімдік тектес зат салынған түйіншек табылып, тәркіленді.

Сараптама көрсеткендей, табылған зат - жалпы салмағы 11,28 грамм болатын «кептірілген марихуана».

-  Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 296-бабының 2-бөлігі – «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баптың санкциясымен 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив