KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, Ю
443.85 474.3 4.8

Үржар әуежайына қандай бағыттағы рейстер ұшып келе алады?

31.03.2022, 13:28 217

Қазақстанның төрт қаласынан ұшақтар Алакөл көлінің шығыс жағалауына, Үржар қаласына ұшатын болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz сайты. 

"Алакөл көлі жағалауының алдағы туристік маусымына қарай Үржар ауылы әуежайының Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен және Семей қалаларымен күнделікті әуе қатынасы жаңартылады", - дейді

"ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы". 

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде әуежайда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, ұшу-қону жолағы ұзартылды, рульдеу жолы салынды, тұрақ орындары кеңейтілді, ұшуларға жерүсті қызмет көрсету объектілері салынды. Жақын арада жарық-сигнал жабдығын орнату жоспарланған.

"Әуежай жолаушыларын қолайлы сервиспен қамтамасыз ету үшін Үржар ауданының әкімдігі аэровокзал ғимаратын қайта жаңғырту бойынша жұмыс жобасын дайындау мәселесін пысықтап жатыр. Оның өткізу қабілетін сағатына 100-150 жолаушыға дейін арттыру көзделген", - делінген хабарламада.


Бұған дейін Алакөл көлінің оңтүстік жағалауына, Үшаралға Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Түркістан қалаларынан және Ресей Федерациясының қалаларынан ұшақтар ұшатыны айтылған болатын. Рейстердің жиілігі туралы қосымша хабарланады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив