KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Оқушының телефонын тартып алды – Өскемен

29.03.2022, 12:26 167

Ақпан айының соңында Өскемен қаласы Ертіс полиция бөліміне облыс орталығының 41 жастағы тұрғыны хабарласып, оның қамқорлығындағы кәмелетке толмаған жиенінен бейтаныс жігіт мектеп аумағында құны 50 000 теңгені тұратын смартфонын тартып алғанын айтқан.

Тергеу амалдары барысында күдікті оның телефонын уақытша пайдалам деп, алғаны анықталды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Жауап алу барысында 19 жастағы жігіт кінәсін мойындаған.

-   Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бұл баптың санциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив