KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 10 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО-да қолда заңсыз жүрген 93 бірлік қару және мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді

25.03.2022, 09:45 144

Шығыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап «Қару» ЖАІШ өтіп жатыр. Шара атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан шығару және иелерінің қару-жарақ қауіпсіздігін сақтауын тексеру мақсатында өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері заңсыз айналымнан тіркелмеген 93 бірлік қару және мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді. Осыдан басқа, шара аясында тәртіп сақшыларымен 12 000 артық қару иелері тұрғылықты жері бойынша тексерілді және 304 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, олардың ішінде:

- қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 84;

- сақтау ережелерін бұзғаны үшін -149;

- тіркеу ережелерін бұзғаны үшін - 71.

23 наурыз күні полицейлер үйінде үлкен көлемде оқ-дәрілерді сақтаған 34 жастағы қала тұрғынын анықтады. Бұдан басқа, қала тұрғындарынан түскен ақпараттарды тексеру барысында заңсыз оқ-дәрілерді сақтағаны үшін тәртіп сақшылары 53 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады, тексеру кезінде 16 калибрлі 20 оқ-дәрі, 20 калибрлі 1 оқ-дәрі және қолдан жасалған қорғасын оқтары, ұнтақ табылып, тәркіленді. Барлық тәркіленген заттарға тиісті сараптамалар тағайындалды.

-  Аталған тұлғалар ҚР ӘҚБтК 482 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды - ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, - дейді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Е.Д. Закимов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив