KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да бопсалаушылар тобы ұсталды

15.03.2022, 17:04 200

ШҚО орталығында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, алайда өздері үшін тиісті қорытынды жасамай, тағы да қылмысқа барған бопсалаушылар тобы ұсталды. Олардың жастары 19, 21, 22-де екен.

Өткен жылдың қараша айында жоғарыда аталған екі жігіт зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытып, жеңіл пайда табуды шешіп, таныстарының атына қаладағы сауда үйлерінің бірінде қымбат смартфонды несиеге ресімдеткен. Осылайша 500 000 теңгеден астам сомаға залал келтірді.

Өздерінің сол істегендері үшін жазасыз қалғандарын сезген олар, 2022 жылдың қарсаңында қатарларына үшінші достарын қосып алып, тағы да осыған ұқсас қылмысқа барған. Осы жолы кездейсоқ өтіп бара жатқан адам сыбайластардың құрбанына айналған. Онлайн несие алдыртқан үштік 310 000 теңгені қалталарына басқан. Ашкөз бопсалаушылар, жәбірленушіні қорқытып тауар кредитін ресімдеуді талап етекен. Өз өмірі үшін қауіптенген жәбірленуші, өзінің атына құны 150 000 теңге тұратын ұялы телефон рәсімдеген.

- Одан әрі ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында күдіктілер Өскемен қаласында тұратын бұрынғы таныстарына «жүгініп», одан 30 000 теңге көлемінде ақша қаражатын алған. Мұнымен қоймай жәбірленуші өз атына несиеге телефон ресімдеп, қолдарына ұстатқан. Осылайша, жәбірленушіге 200 000 теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған күдіктілер ұсталды. Қорқытып алушылықтың барлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігі- «Қорқытып алу» бойынша қылмыстық істер қозғалды, оның санкциясында 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив