KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

4 миллион теңгеге көлік алам деп алданды - Семей

15.03.2022, 10:14 273

Үлбі ПБ кезекші бөліміне Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны арызбен жүгінген. Ол бейтаныс әйел аукцион арқылы «Hyundai Tucson» маркалы автокөлікті сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен, алдап сенімін теріс пайдалана отырып, оның 4 200 000 теңге сомасындағы қаражатын иемденгенін айтты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол облыс орталығының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Күдіктінің айтуынша, ақша қаражатын алғаннан кейін ол уәде еткен машинаны сатып ала алмаған, қолына түскен ақшасын өз мұқтаждықтарына жұмсап, өз үйін жөндеп, жаңа жиһаз сатып алған.

- Ұсталған азамат кінәсін мойындаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабының 3-бөлігі- «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив