KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Қазақстанда қант тапшылығы бола ма? Сауда министрлігі жауап берді

12.03.2022, 19:48 260

Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының қоры жасалды, - деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

"Өңірлер мен Сауда желілері одағының ақпараты бойынша, тұрақтандыру қорлары мен сауда объектілерінде қант қорлары жеткілікті", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, жеткізушілердің географиясын кеңейту мақсатында дайын қант өндіру үшін басқа елдерден шикі қант сатып алу жұмысы жүріп жатқаны айтылды.

"Қазақстанда биыл тамыз айының соңына дейін кедендік баждарды төлемей 250 мың тонна қант әкелу мүмкіндігі бар", - деп нақтылады министрлік.  


Қант бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар сауда объектілерінің "айналым схемасын" пайдалануды көздеп отыр. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив