KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,9 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қаруланған зейнеткер

10.03.2022, 17:55 143

Ағымдағы жылдың ақпан айының басында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ жүргізу барысында суық қаруды сақтады деген күдікпен 64 жастағы Семей қаласының тұрғыны ұсталды, тінту кезінде оның оң қалтасынан кастетке ұқсас металл зат табылып, тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, сараптамаға ұсынылған металл зат «кастет түріндегі суық қару» болып табылады.

Қаскөйге қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 287-бабының 1-бөлігі – «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив