KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
448.15 483.46 4.86

Қанатымен су сепкен Қарлығаштай

5.03.2022, 12:25 235

Қазақтың айтыскер қызы Қарлығаш Әубәкірованың өнері ел аузында. Айтыс сахнасында талай от ауызды арқалы ақындарды өткір жырларымен түйреп, тапқырлығымен көрермендерді таңдандырып, тамсандырғаны есімізде.
Ұтымды ұйқастары, әуезді әуенімен келіскен ақын қыз айтыс сүйер қауымның жүрегінен орын алған. ШҚО, Шар ауданында дүниеге келген Қарлығаш 2003 жылы Сара Тоқтамысова, Фархат Маратұлы сынды айтыскер ақындар білім алған  Шәкәрім атындағы №5 гимназия мектебінің түлегі. Мектеп қабырғасында білім ала жүріп, республикалық ақындар айтысында сөз шеберлерімен додаға түсіп, қалың елдің ыстық ықыласына бөленеді.  Қазақтың қанына біткен қасиетті айтыс өнерін дамытуға, насихаттауға сүбелі үлесін қосты. Талай додаларда шаппай бас бәйге алып, көрермендердің нәзік дауысымен баурап,  тапқырлығымен  есінде қалжған қазақтың аяулы қызы, алғашында Семей педагогикалық институтында, кейін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің магистр атанып, Елорда төріндегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің докторантурасын тәмамдап, ғылымға бет бұрады. Докторлық жұмысыда алаш арысы   Жүсіпбек Аймауытұлының аудармаларына негізделген еді. Ізденістің нәтижесінде құнды дүниенің түпнұсқаларын АҚШ пен Қытайдан, аударма мәтіндерін Мәскеу, Химки қалаларындағы мұрағат қорларынан тауып елге алып келеді. Солардың ішінде  әлі жарыққа шықпаған «Молда Ирамидің кітап жазуға қалай кіріскені», С.Чуйковтан тәржімалаған «Тұқым», «Тау еліндегі оқиға», Гюгодан «Бейшаралар» сынды аудармаларын алғаш рет ғылыми айналымға енгізіп, алаш аудармасына қатысты 30-ға жуық зерттеу мақалаларын жариялаған. Сондай-ақ алғаш рет Жүсіпбек Аймауытұлы аудармаларының хронологиясын жасап, қай жылы, кімнен аударғаны жайлы ауқымды жұмыстар атқарды. Ғылымға бет бұрып, қазақтың киелі өнері айтыстан қол үзгеніне 10 жылдың жүзі болыпты. Қазір Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетте шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық жолды таңдап, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда. «Мен үшін дәріс оқыған, алған білімімді жастармен бөлісу, пікір алмасу жұмыс емес, бақыт. Ғылым- менің жүрек қалауыммен келген жаңа бір әлемім. Шынымды айтсам ұстаздықтан ләззат аламын. Ендігі мақсатым ғылымға бет бұрып, сауатты да салмақты ғалым ретінде өз орнымды тапқым келеді» дейді Қарлығаш Әубәкірова. Бүгінде ғылыми ізденісте жүріп, бірқатар шет елдің оқу орындарымен, мұрағаттарында іс-тәжірибесін шыңдады. Танымал қаламгерлердің аудармаларын алғаш рет ғылыми айналымға енгізу жолында еңбектенуде. Сондай-ақ отбасылық кәсіп білім орталығымен, бала-бақшаларын дамытуға да үлесін қосуға уақыт табады. Адамгершілік, адалдық, ізгілікті ту еткен жас ғалым Қарлығаш Әділханқызы баласын мәпелеп өсіріп отырған ана. Ұлттық дәстүрді ұрпақтарының бойына сіңіріп, қазақи тәрбие беріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды асыл қасиеттерді дәріптеуде. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «ел боламын десең-бесігіңді түзе» дегендей Қарлығаш ханымда, шаңырағында балаларына, өзі ұстаздық ететін білім ордасында өскелең ұрпақты ғылым, білімге жетелеп, көкірегі ояу, көзі ашық жандарды тәрбиелеп шығармақ ниетте.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив