KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да 434 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан өтті

4.03.2022, 11:34 123

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина-профилактикалық шаралар қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде облыста КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бірінші және екінші компонентімен қамту 100%-ға жетті. 

Қарашаның үшінші онкүндігінен бастап аймақтағы жалпы егу науқанына 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейін) және бала емізетін әйелдерді Pfizer/BioNTech шығарған «Комирнати» вакцинасымен егу қосылды.

- 2022 жылғы 3 наурыздағы жағдай бойынша  вакцинациялауға жататын  105 182 адам «Комирнати» вакцинасының 1-компонентін алды, оның ішінде 2 617 жүкті әйел, 8 660 бала емізетін әйел, 93 903 жасөспірім бар. 2-компонентпен 97 247 адам егілген, оның ішінде 2 164 жүкті әйел, 7 418 бала емізетін әйел, 87 663 жасөспірім. Вакцина салдырған адамдарда вакцинаға қолайсыз реакциялар тіркелмеген, - дейді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Эпидемиологтар мен иммунологтардың пікірінше, ревакцинация екінші екпені алған күннен бастап 6 айдан кейін «омикрон» коронавирусының жаңа штамынан қорғауға көмектеседі.

- 2022 жылғы 3 наурыздағы соңғы мәліметтерге сәйкес облыста 434 566 коронавирусқа қарсы ревакцинациядан (үшінші бустерлік доза) өтті. Иммундық жүйені нығайтуға ревакцинация QazVac, VeroCell, Спутник Лайт вакциналарымен жүргізілуде.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, соның салдарынан біз бәріміз қалыпты бұрынғы өмірге орала аламыз. Вакцинацияның мақсаты – КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету, - дейді депаратмент мамандары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив