KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

«Қару»:190-нан астам заң бұзушы анықталып, 50-ден астам қару тәркіленді

3.03.2022, 16:52 147

3 ақпаннан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Меншік иелерінің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша қару айналымы саласында 193 заң бұзушылық анықталды. Қаруды сатып алу, сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерін (ҚР ӘҚБтК 484 бабы) бұзғаны үшін 96 меншік иесі, қаруды тіркеу немесе қайта тіркеу ережелерін (ҚР ӘҚБтК 486 бабы) бұзғаны үшін 49 меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК 482 бабы бойынша қаруды заңсыз иеленіп алғаны, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені үшін 48 адам жауапкершілікке тартылып, 21 адамға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 287 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Заңсыз айналымнан 54 бірлік қару, оның ішінде 9 бұрандалы, 25 тегіс саңылаулы, 1 бірліктен травматикалық және газ, сондай-ақ 1 граната және 230 бұрандалы қаруға оқтар тәркіленді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив