KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да 3 дәріхана қызметкері құрамында есірткісі бар дәріні сатқан

2.03.2022, 17:03 313

«Дәрмек» жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша ШҚО-да есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 5 қылмыс тіркелді.

Сондай-ақ, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңды айналымы желісі бойынша 10 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

- Құрамында есірткі және психотроптық заттар бар препараттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін 5 медицина қызметкері (ҚР ҚК-нің 303-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы 1-бөлігі бойынша);

- Дәріханалардан құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар бар препараттарды рецептісіз сату фактісі үшін 3 фармацевт (ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы) жауапқа тартылды.

Бұдан басқа, Өскемен және Семей қалаларының аумағында прекурсорларды (күкірт және тұз қышқылдары) көтерме және бөлшек саудада сатуға маманданған екі ірі кәсіпорында тексеру кезінде үй-жайларды сақтау және техникалық нығайту бөлігінде бұзушылықтар анықталды (ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы).

-         Заңсыз айналымнан жедел алдын алу іс - шарасы кезінде 737,16 грамм есірткі құралдары мен психотроптық заттар, сондай - ақ 63 тонна 913 кг прекурсорлар (18 тонна 75 кг-күкірт қышқылы, 45 тонна 838 кг-тұз қышқылы) алынды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив