KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
448.15 483.46 4.86

Ішіп алып, көлік басқарғандар ұсталды – Өскемен

28.02.2022, 11:41 212

Өскеменде өзінің және басқа да жол қозғалысы қатысушыларының өмірі мен денсаулығын қатерге тігіп, мас күйде көлік басқарған қос жүргізуші ұсталды.

Ағымдағы жылдың 2 ақпанында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғынының басқаруындағы «BMW» автокөлігін тоқтатұан, куәландыру актісіне сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежеде алкоголь тұтынған. Осыоайша жүргізуші куәлігінен айырылды.

- Сол күні Меновное ауылының көшесімен қозғалып келе жатқан тағы бір мас жүргізуші ұсталды. Қаскөй 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған 41 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Куәландыру нәтижелері орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдықты көрсетті. Бүгінгі күні ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, олардың көліктері айыппұл тұрағына қойылды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 346-бап 1-бөлігі «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив