KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО Полиция департаментінде жаңа орынбасар тағайындалды

22.02.2022, 16:02 241

ҚР Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы бұйрығымен ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымына осыған дейін ПД бастығының орынбасары қызметін атқарған полиция подполковнигі Елдос Дәулетқазыұлы Закимов тағайындалды.

Закимов Елдос Даулетқазыұлы құқық қорғау органдарында 2002 жылдан бері қызмет атқарады. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының тумасы. ҚР ІІМ академиясын, 2008 жылы магистратураны бітірген.

Қызмет жолын Жарма ауданы ПБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі лауазымынан бастаған.

Қызмет еткен жылдары әртүрлі басшылық лауазымдарда, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы ІІД Семей қаласы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы, Шығыс Қазақстан облысы ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары және бастығы болды.

2018 жылы Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив