KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Тағы бір мал ұрлығына қатысты дерек ашылды - ШҚО

2.02.2022, 15:51 165

Қаңтар айының соңында Күршім аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне 49 жастағы аудан тұрғыны жүгініп, оның малының ұрланғанын хабарлаған. Жәбірленуші 2021 жылдың маусым айында белгісіз адам Алтай учаскесінде жайылымнан жылқысын ұрлап кеткенін жеткізген. Шығын көлемі 500 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Қайыңды ауылының 51 жастағы тұрғыны болып шықты.

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, Осы баптың санкциясымен ҚР ҚК-нің 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив