KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

«Тұрмыс»: ШҚО-да 78 адамға ішімдік ішуге тыйым салынды

31.01.2022, 17:25 168

Бір апта бойы жүргізілген рейд барысында тәртіп сақшылары тұрғылықты жері бойынша 6000-нан астам есептегі адамды тексерді.

Тұрғылықты жері бойынша жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 6000-нан астам есепке алынғандар тексерілген, оның ішінде 97 адамға қатысты сот тәртібімен құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді, оның ішінде 78 адамға қатысты ішімдік тұтынуға тыйым салынды.

- Мәселен, Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған соты ҚР ӘҚБтК-нің 440–бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған 41 жастағы ер адамға қатысты қаулы шығарды (алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға 3 ай мерзімге тыйым салумен).) Тәртіп бұзушы жыл бойы қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін әкімшілік жазаға тартылды. 25 қаңтарда оны тәртіп сақшылары қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны үшін ұстады, - деді КҚПБ бастығы Талғат Нуриев,

7 күн ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы), құқық қорғау органдары 190-нан астам құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. 285 адамға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды, оның ішінде 80-нен астам азамат оны бұзғаны үшін тартылды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив