KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
448.89 477.93 4.76

Бүкіләлемдік сайлау күні ШҚО-да аталып өтіп жатыр

28.01.2022, 18:12 185

Жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде барлық елдерде Бүкіләлемдік сайлау күні аталып өтіледі, бұл күн 2005 жылы Будапешт қаласында (Венгрия) сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілді. Бүкіләлемдік сайлау күнін атап өту дәстүрі Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар Ассоциациясы бастама білдірді, Қазақстан Республикасы оның толыққанды мүшесі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен 2022 жылғы 3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларында Ашықесік күндері өткізіледі, сайлау комиссиялары мүшелерінің оқу орындары оқушыларымен «Сайлану және сайлауға қатысу Конституциялық құқығы» атты кездесулер өткізу жоспарланған.
Шығыс Қазақстан облысында 1047 сайлау комиссиялары құрылған, оның інішде 20 аумақтық және 1027 учаскелік сайлау комиссиялары, жалпы саны 6 945 адам.
Ұйымдастырушылардың алдына қойған міндеттердің бірі – еліміздегі азаматтардың санасында негізгі демократиялық қағидаттар қалыптастырудағы сайлаудың ролін ашу және жас сайлаушылардың өздерінің тікелей қатысуымен немесе өздерінің еркін сайланған өкілдері арқылы Конституциямен бекітілген демократиялық бостандықтарын жүзеге асыру шеңберінде мемлекетті басқарудағы өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіну.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив