KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

ТЖ вице-министрі құтқарушылардың жалақысы туралы айтып берді

18.11.2022, 17:00 321 Мадина Амангелдіқызы

Тәжірибелі құтқарушылар келесі жылдан бастап айына 300 мың теңгеден астам қаражат ала алады. Бұл туралы бүгін Өскемен қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР ТЖ вице-министрі Марат Күлдіков айтып берді.

Вице-министрдің сөзінше, Президенттің тапсырмасынан кейін құтқарушылардың жалақысын көтеру Республика Үкіметімен алдын ала келісілген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру жөніндегі жоспар Үкіметпен алдын ала келісілген. Келесі жылы өсім 10% - дан 70% - ға дейін болуы керек. Айына 180 мың - бұл бір жылдан бес жылға дейін жұмыс істейтін қызметкерлер үшін. Содан кейін бес жылдан он жылға дейін жұмыс істейтіндердің жалақысы өседі. Өсу еңбек сіңірген жылдарына қарай жоспарланады. 15 жыл және одан да көп жұмыс істегендер үшін жалақы 300 мың теңгеден асады, - деп түсіндірді Марат Күлдіков.


Оның айтуынша, еңбекақыны алдымен өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ өрттер мен ТЖ-ға ден қоятын қызметтерге жеделдігі  үшін төлемақыны он пайызға көтеру көделген. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив