KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
448.81 476.82 4.77

Өскемендегі ЖМК ауданының тұрғындары сайлауға белсенді қатысуда

20.11.2022, 08:50 284 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде сайлауда бірінші болып өз дауысын бергісі келгендердің қарасы ЖМК шағын ауданынында байқалды.

Тұрғындар сайлау учаскелер сағат 7: 00-де ашыла сала бірден келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мен Қазақстан үшін осындай маңызды оқиғаны елемей отыра алмадым, сайлауға келдім. Мен өз таңдауымды таңертең жасадым, өйткені бүгінгі күнге деген көптеген жоспарларым бар, - деді қала тұрғыны Сергей Иванков.


Ол осы учаскеде сайлау өткізудің жақсы ұйымдастырылғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында 537 сайлау учаскесі құрылды, оның ішінде 32-сі - азаматтардың уақытша болатын орындарында.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, аймақта барлығы 549 сайлау комиссиясы жұмыс істейді, оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік комиссия бар. Оларда 3609 комиссия мүшесі, оның ішінде 84 аумақтық сайлау комиссияларының мүшесі және 3525 учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі қызмет көрсетеді.

Сайлауға өңірдің 500 мың тұрғыны қатысады деп болжануда.

Айта кетейік, учаскелер жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив